12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЖ қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға Жаңа жылдық сыйлық тарту етті

Бүгін, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұжымы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге жаңа жылдық қуаныш сыйлады.
«Атамекен» балалар ауылында қазіргі таңда 54 бала тұрады. Олардың жас шамалары 3-18 жас аралығында. Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы ұжымның атынан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 54 балаға тәтті сыйлықтар тарту етті.
«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген дана халқымыз. Шынымен де, бала қуанышы – бәрінен қымбат. Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін жағдайдың бәрін жасауымыз қажет. Бұл балалар келешекте мемлекетіміздің мерейін асқақтататын азамат болатынына сенемін»,- деді Жүніс Өтегенұлы.
Балалар аулының директоры бүлдіршіндердің атынан департамент басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.
Айта кетерлік жайт, ҚАЖ департаментінде дәстүрге айналған бұндай ізгі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...