ҚАЖ қызметкерінің имидждік сыйпатын арттыруда сырт келбеттің де маңызы бар

ЗК-169/1 тергеу изоляторында міндетті түрде атқарылатын жұмыстардың бірі саптық байқау болып табылады.

Ведомствалық талапқа сәйкес, аусымдық мезгілдің орнауына орай, жеке құрамның жаздық және қыстық киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық жиын өткізіледі.

Жиын барысында жеке құрамның сыртқы келбетінің талапқа сай болуы тексеріледі.
Осыған байланысты, бүгін кадр саясат тобының кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетовтың ұйымдастыруымен және мекеме бастығының орынбасарлары майор А.Битаев пен майор Қ.Олжабаев басшылық жасай отырып, саптық байқау жиыны өтті.

Саптық тексеріс алдында ұйымдастырушы М.Тұрымбетов жеке құрамға жиынның өтілетіндігі жайлы алдын ала ескертіп, бұл іс-шараға жауапкершілікпен қарауын талап етті.

Өйткені ҚАЖ қызметкері күнделікті азаматтармен қарым–қатынасқа түсу барысында тек қызметтік міндетін мұқият орындауымен ғана емес, халыққа сырт келбетімен де ұнамды болуы керек.

Жеке құрамның сыртқы көрінісіне қарап, қоғамда құқық қорғау қызметкерлерінің имидждік сыйпаты қалыптасатынын баса айтты.

Сондықтанда қалың көпшілік арасында не қызметте болсын, әрдайым жинақы, талапқа сай киініп, өздерімен бірге құжаттарының міндетті түрде болуын қадағалап отыруы керек екендіктерін айтты.

Тексеріс қорытындысы бойынша, саптағылардың барлығында қажетті құжаттары болып, жаздық ким үлгісі талабына сай екендіктері анықталды.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...