ҚАЖ мекемелерінің жылдық жұмыс нәтижиесі қортындыланды

Қылмыстық атқару саласына қарасты, Қызылорда облысының ҚАЖ департаментінің № 37, № 60 және №68 мемлекеттік мекемелерінде 2022 — жыл бойынша атқарылған жұмыстары қорытындыланды.

№ 60 мекемедегі есептік жиын департамент басшысы, әділет полковнигі Ш. Есенкелдиевтің ал № 37 мекемесі мен № 68 тергеу изоляторындағы жиналыс департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалық етуімен өтті.

Бұл жиынға әр мекеменің бастықтары мен орынбасарлары бөлім бастықтары, жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлер қатысты.

Жиынды департамент басшылары ашып беріп, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібі бойынша мекеме бастығының орынбасарлары, 12 айда атқарылған жұмыстардың қортындысы жөнінде дайындаған баяндамаларын оқыды.

Баяндаманы тыңдаған департамент басшылары жыл қорытындысы негізінде жіберілген кемшіліктерге ерекше назар аударды.
Соның ішінде , Режим және күзет бөліміне, кезекші бөлімге,тәрбие бөліміне бірқатар сын-ескертпелер айтты.

Яғни, мекеме аумағына алып өтуге тыйым салынған заттар бойынша, бақылап өткізу бекетіндегі тексеру- тінту жұмыстары қатаңдатылып, тексеруге қажетті техникалардың толық жұмыс жасауы және мекемеде соқыр аймақ болдырмау мақсатында әліде тиісті шаралар атқарылуы керек деген ұсынысын білдірді.

Сол сияқты күн тәртібінен түспейтін басты мәселе жеке құрам арасындағы тәрбиелілік жұмыс, әсіресе, жеке құрамның арнайы контигентпен қарым- қатынас орнатуда заң талаптарына сай болуы жағына аса көңіл бөлу керектігін баса айтты.

Әр қызметкерді ҚАЖ талаптарына лайықты жүріп- тұрып, ыйықтарындаңы жұлдыздың салмағын сезініп, заң аясында, жауапкершілікпен жұмыс атқаруға шақырды.

Жиын соңында мекеме бастықтары айтылған сын-ескертпелерді үшін жұмыс жасалып, айтылған ұсыныстар мақсатында барлық іс шаралар қабылданатынына сенім білдірді.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...