12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Тәуелсіздік күнін» салтанатты түрде атап өтті

Бүгін, Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға департамент басшылығы, ҚАЖ саласының ардагерлері, өзге сала қызметкерлері мен жеке құрам қатысты. Шара барысында департамент бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тургумбаевтың құттықтау жеделхаты оқылып, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрінің құзырымен департаменттің кезекші қызметінің аға инспектор – кезекшісі әділет подполковнигі Сатенов Жантөре Амангелдіұлы «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, ЗК-169/1 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Олжабаев Қайрат Байдүйсенұлы  және ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға корпусшысы әділет старшинасы Мықбасов Еркебұлан Ғабитұлы «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» медалімен, департаменттің арнайы есепке алу тобының бас маманы әділет майоры Абдиева Шырынкүл Қалиқызы  және департаменттің пробация қызметіне басшылық ету тобының бас маманы әділет майоры Сейдахметов Өмірзақ Нағашыбекұлы «Грамотамен», ЗК-169/5 мекемесінің арнайы есепке алу тобының бастығы әділет майоры Молдағалиқызы Назерке «Алғыс хатпен» марапатталса, осы мекеменің САӘПТЖБ бөлімінің теология оңалту тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Ілияс Жеңісбек Ілиясұлына алғыс жарияланды.

Ал, ҚАЖ департаментінің жедел тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Берікбай Дархан Берікбайұлы Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіқалықованың алғысымен марапатталды.

Бұдан бөлек, департамент бастығы Ш.Есенкелдиев қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі  үшін 23 басқа сала қызметкерлерін және ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің 25 сарбазын «Грамотамен» марапаттады.

Шара концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған қонақтарға қазақ тарихы мен тәуелсіздік туралы бейнебаян көрсетілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...