12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКС ӨЗГЕРІС АЛДЫНДА

Сот саласындағы заңдар араға уақыт салып, заман сұранысына сай өзгеріп отырады. Бүгінгі күні Азаматтық процестік кодекске енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар да осы уақыт сұранысынан туындап отырған әрекеттер. Мәселен қазір азаматтық істер бойынша тіркелетін талап-арыз көп. Олардың саны жыл өткен сайын артпаса, кемімей отыр. Нағыз қызмет ететін, өнімді жұмыс жасайтын кезде азаматтардың бір-бірімен соттасып, болмашы даудың жетегімен кетуі дұрыс емес. Себебі, азаматтық дауларды өзара шешуге, ақылға салып реттеуге болатынын тәжірибеден білеміз. Осы мақсатта медиацияның дамуына жаңа өзгерісте барынша  ықпал етілген.  

Азаматтық процестік кодекстегі  татуластыру рәсімдері қазір сотта да жүргізіледі. Сотқа дейінгі татуласу рәсімі бар, сотқа келгеннен кейін де бітімгер судьяның көмегімен бітімге келуге болады. Қолданыстағы заң бойынша ондай судьяларға тараптарды татуластыруға бес-ақ күн уақыт беріледі. Ал, талқыланып жатқан заң жобасында судьяға 10 күн уақыт беріледі. Бітімгер судьялардың айтуынша бес күн жеткіліксіз. Жер дауы,
еңбек дауы, мұрагерлікке қатысты қаралған істерде дауды бес-ақ күннің ішінде шешіп алу оңай емес. Тараптар да бес күннің ішінде судья шақырған бітімге келісе қоймайды. Сондықтан, алдағы уақытта мұндай істерге он күн толығымен жеткілікті болады деп ойлаймыз. Бұл кодекс бойынша медиацияның тынысын ашатын өзгеріс деп күтілуде. Сондай-ақ АПК-ға енгізілетін түзетулерге сай судья басы артық жүктемелерден, басы артық әрекеттерден арылған. Бұл осы құжаттың басты артықшылығы деуге болады.

Жаңа заңнамада электронды сот төрелегін жетілдіруге, электрондық хаттамаға заңдық күш берудің тетігі
жасалған. Сондай-ақ, судья құзыретінің кеңейіп, ақиқатты анықтау үшін қазыға қосымша мәліметтер сұратып, анықтамалар жинауға пәрмен беруі де қоғам тарапынан оң бағаланып отыр. Енгізілген өзгерістердің барлығын саралап-сараптай келсек, еліміздегі азаматтардың құқықтарын қорғауда, судьяларды процестік тәуелділіктен құтқаруда бұл заң жобасының маңызы зор деуге болады.

Аманбаева Перизат Асубаевна, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының кеңсе меңгерушісі

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...