12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық

Эксаумақтық соттылық (экстратерриториалдық юрисдикция) — мемлекеттің өз аумағынан тыс жердегі азаматтық-құқықтық қатынастарға сот билігін қолдану құқығы. 

Басқаша айтқанда, бір мемлекеттің соты басқа елде пайда болған азаматтық дауды қарастыра алады. Негізгі ерекшелігі азаматтық істерде эксаумақтық соттылық көбіне келісім негізінде жүзеге асады. Яғни тараптар өзара шартта қай елдің сотында дау шешілетінін алдын ала келісіп қояды. Бұл халықаралық келісім-шарттық қатынастарда кең таралған тәжірибе.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 32 бабына сәйкес, тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай алады. 

Қолдану негіздері болып келісімге негізделген соттылық
Тараптар келісімшартта қай мемлекеттің соты қарауға құқылы екенін өздері таңдайды. Мысалы, қазақстандық компания мен шетелдік компания келісім-шартта «барлық даулар Қазақстан Республикасының сотында қаралады» деп көрсете алады. 

Жауапкердің орналасқан жері бойынша, егер шетелдік тараптың Қазақстанда мүлкі немесе өкілдігі болса — сот ісі Қазақстанда қаралуы мүмкін. 

Ерекше соттылық жылжымайтын мүлікке қатысты даулар сол мүліктің тұрған жері бойынша ғана қаралады. Халықаралық жеке құқық нормалары. 

Даулы жағдайларда халықаралық келісімдер мен ұлттық заңдар қолданылады. Қазақстанда бұл Азаматтық процестік кодексте және «Халықаралық жеке құқық туралы» Заңда бекітілген.
Эксаумақтық соттылық құқықтық негізде ҚР Азаматтық процестік кодексі (АПК) — шарттық соттылықты реттейді.

Халықаралық жеке құқық туралы Заң — шетелдік тараптармен істерді қараудың тәртібін анықтайды.

Вена конвенциясы және басқа халықаралық шарттар — сауда келісімдері бойынша.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылықтың мәні мен пайдасы біріншіден  халықаралық сауда мен инвестицияны жеңілдетеді, тараптардың құқықтық сенімділігін арттырады, дауларды алдын ала келісілген әділ сотта шешуге мүмкіндік береді. 

Эксаумақтық соттылық — қазіргі замандағы азаматтық айналымның ажырамас бөлігі. Ол мемлекеттердің ашық экономикасы мен халықаралық қатынастарды құқықтық қорғаудың кепілі болып саналады.

Шингалиев Марат Энгельсович

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Состоялось заседание Комитета профсоюзной организации области Абай

В городе Семей прошло заседание Комитета Общественного объединения «Профсоюзная...

Аягөз аудандық пробация қызметі тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы аясында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің...

Азаматтардың 70%-дан астамы жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға ниетті

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы...

Алматы метрополитені қызметкерлері референдумды қолдайды

Қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Көк Төбе» демалыс саябағының ұжымымен кездесу өткізді

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...