12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Азаматтар заңмен берілген мүмкіндіктерді пайдалануда

Өткен жылы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң күшіне енген болатын. Соған орай халық бүгінде осы заңның мүмкіндіктерін пайдаланып, қарыздарын реттеуде. Бұл ретте олар соттан тыс және сот арқылы банкроттық, үшінші түрі төлем қабылеттілігін қалпына келтіру рәсімдеріне жүгіне алады. Ресми деректер заң күшіне енгелі он мыңға жуық азаматтың банкрот деп танылғанын көрсетіп отыр.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғаудың өзіндік салдарлары бар. Мәселен, банкрот деп танылған азамат алдағы бес жыл бойы  ақшалай немесе мүліктік мідеттемелерді қабылдай алмайды. Бұған қоса уәкілетті органдар  үш жыл ішінде мониторинг жүргізіп, оның тұрмыстық, қаржылық тұрақтылығын тексереді. Сот арқылы банкрот болғандар алты ай бойы ел аумағынан шыға алмайды. Заңмен бұдан да өзге шектеулер қарастырылған.  Дегенмен, борышкердің шетелде емделу немесе жақын туысын емдеуге алып бару құқықтары сақталған.

Банкроттықтың шарттары жоғарыда айтқан заңның 5-6-баптарымен айқындалса, арыз беру тәртібі 20-бапта көрсетілген. Борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті тұрғылықты жеріндегі сотқа жазбаша немесе электронды түрде бере алады. Өтініш беру тәртібі сақталмауы оны соттың кері қайтаруына негіз болады. Заңмен белгіленген талаптарға сай жазылған өтініш негізінде сотта  төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде іс қозғау туралы ұйғарым шығарылады.

Айтып өтерлігі өтініште кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі нақты көрсетілу керек. Сонымен қатар, өтінішке соңғы үш жылдағы барлық кредитор мен дебиторлардың, азаматтық-құқықтық немесе өзге де міндеттемелердің тізбесі, бағалау туралы есеп, борышкер мүлкінің тізімдемесі, сондай-ақ азаматтың өтініш бергенге дейін шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Соттағы банкроттықта борышкердің мүлкі сауда-саттыққа салынып,  қаржы басқарушысы тағайындалады. Ал  төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімінде тұрақты табысы бар азаматтар сотқа өтініш беру арқылы қарызын бес жыл бойы бөліп төлеу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын қаржы басқарушысымен бірге отырып дайындайды оны сот бекітеді. Осыдан кейін адам банкрот мәртебесін алмайды. Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімді қабылдауда қаржы басқарушысының қорытындысы ескеріледі.

Алимент, өзге адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды, сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу жөніндегі борыштар есептен шығаруға жатпайды. Сот банкроттығы рәсімі банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру мақсатын көздейді.

Айжан Устенова,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

    «Ұлттық ойындар»  авторлық бағдарламасының  берері не?

Мазмұны бойынша барлық халық ойындары балаларға қол жетімді. Олар...

”МИГРАНТ” профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

02.05.2024 жылы Түрксіб станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі...

Рейдовые мероприятия провели среди сотрудников ДУИС Астаны

Сотрудниками Группы собственной безопасности совместно с сотрудниками Отдела воспитательной...

Строевой смотр проведен среди личного состава ДУИС Астаны

В ДУИС Астаны среди личного состава проведен строевой смотр....

Осужденные Алматинской области отметили День единства

Осужденные, отбывающие наказание в учреждении №14 ДУИС по г.Алматы,...