12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Азаматтар алғысынан артық марапат жоқ

Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан құқықтық, демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде әлемге танылды. Ата заңымыз мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның құқығы мен бостандығы екенін бекітті.

Бұл елдегі барлық игілік, бастама – азаматтар үшін жасалатынының кепілі еді. Яғни, отыз жыл ішінде жүргізілген реформалардың бастауында халық тұрды. Міне сондықтан да мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде қазақстандық сот та азаматтар құқығы мен бостандығын мінсіз қорғап, заң үстемдігін қамтамасыз етуді басты бағдарына айналдырды. Шындығында кез келген судья үшін халықтың алғысынан артық марапат жоқ. Халықтың жылы лебізі, ізгі тілегі біздің жұмысымызға берілген бірден-бір әділ баға.

Ал бірақ көпшіліктің жақсы пікіріне ие болу оңай емес. Мұндай игі ниет тек үздіктерге, өз ісінің білгірлеріне бағытталары белгілі. Сондықтан әрбір судья жұмыс барысында өзіне жүктелген міндетті талапқа сай атқаруға бар күш-жігерін жұмсайды.

Әсіресе «Медиация туралы» заңның қолданысқа енгізілуі халыққа деген жанашырлықтың бір белгісі болса керек. Бұл заң алғаш рет қолданысқа енген кезде тараптарды тек кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың ғана татуластырып, келісімге келтіруге мүмкіндігі болатын. Он жыл ішінде бұл заңның тетіктерін жетілдіру мақсатында көптеген іс-шаралар қолға алынып, құқықтық мәселелер шешімін тапты. Соның нәтижесінде енді дауласып келген азаматтар өз адвокаттарының араласуымен партисипативтік келісімге келуге қол жеткізді. Бұдан бөлек, бұрын өздеріне бейтаныс медиаторлардың іске араласуына көп азаматтар ыңғай таныта бермейтін. Олардың медиациядан бас тартуына да көбіне көп осы себеп түрткі болатын. Соны ескере келе Азаматтық процестік кодекске өзгеріс енгізіліп, тәжірибеге татуластырушы-судьялардың қосылды. Бұл жаңашылдық та судьялардың азаматтар алғысына бөленуіне жол ашып отыр. Бүгінде істері сотқа жетпей-ақ татуластыру-судьяның көмегімен тиімді шешілген тараптардың ризашылығын жиі естиміз.

 

Г.Бейсенова,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...

Қазақстан Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде...

Сот шығындарының мән жайлары

Сот шығындары азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және...