Қазалыда пробация бақылауындағы азаматтармен кездесу өтті

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және өзге де әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету мақсатында Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығы, Кәсіпкерлік бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесіп пробация қызметі есебіндегі сотталғандармен кездесу жиыны өткізілді.

Жиында пробациялық есептегі азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіби мамандықтарға оқыту, кәсіп ашуға мүмкіндік жасау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қайтарымсыз грант түрлерін алу және медициналық мекемелерден қажетті жағдайда ем қабылдау жолдары түсіндірілді.

«Бизнеске арналған үкімет» КММ-ның бас маманы Ж.Телағысқызы қатысып жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік саласы бойынша түсіндіріп, жадынамалар таратты.

Кездесу соңында пробация есебіндегі азаматтар жеке кәсіпкерлік бойынша көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...