Қазақстанның әуе компаниялары еуропалық «қара тізімге» енгізілмейді

Еуропаның 27 мемлекетінің билігі отандық әуе тасымалымен айналысатын компанияларға кәрі құрлыққа ұшуға шектеу қоймайтыны жайында шешім қабылдағанын және еліміздің «қара тізімге» енбейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық сарапшылар Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі саласында қалыптасқан ахуал мен осы тұрғыда соңғы 3 жылда ел Үкіметі тарапынан қабылданған шараларды оң бағалады. Әрине, біз бұны үлкен жетістік деп санаймыз. Оған себеп те жоқ емес. Еуропалық мамандар тарапынан оң баға алу үшін көп күш-жігер жұмсалып, кешенді жұмыстар қолға алынды. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

Ол Қазақстанның бұған дейін «қара тізімге» кіргенін де еске салды. Атап айтқанда, 2009 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы тарапынан жүргізілген аудит нәтижесінде еліміздегі әуе тасымалы саласында ХААҰ талаптарының сақталу көрсеткіші төмен екендігі анықталған (47 пайыз).

Осыған орай Еурокомиссия Air Astana компаниясынан өзге қазақстандық әуе тасымалдаушыларға Еуропа елдеріне ұшуға тыйым салған болатын.

Туындаған жағдайдан шығу үшін 7 жылдай уақыт қажет болды. 2016 жылы шектеулер алынып тасталғаннан кейін осындай олқылықты жайттардың алдағы уақытта қайталанбас үшін ИИДМ өте ауқымды жұмыстар жасады. Қайырбек Өскенбаев

Оның айтуынша, саладағы оң өзгерістер – түбегейлі реформаның нәтижесі. Жүргізілген жүйелі жұмыстар еліміздің азаматтық авиация билігінің еуропалық үлгіге өтуіне тікелей ықпал еткен.

Бұл үшін Үкімет пен министрлік кешенді шараларды қолға алып, заңнаманы жетілдіру бағытында орасан зор жұмыстарды іске асырды.

Нәтижесінде Ұлыбританияның авиациялық әкімшілігімен (UKCAA) ынтымақтастық орнатылып, нәтижесінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі құрылды. Бұл ұйым 2019 жылдан бері азаматтық авиация саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырып келеді.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...