Қазақстанның премьер-министрі мигранттарды тіркеуге және жұмысқа орналастыруға көмектесуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов шетелден келген азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру кезінде Қазақстандағы еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ келген ресейліктерге көмектесу: оларды дер кезінде тіркеу және ЕАЭО заңнамасына сәйкес еңбек мәселелерін шешу бойынша жұмысты күшейту қажет. Сонымен бірге ол жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды», — деді Әлихан Смайылов көші-қон мәселесі бойынша өткен кеңесте.

Сондай-ақ Смайылов барлық көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді, келушілердің кептелісін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ қосымша қызмет көрсету терезелерін ашу арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарының үздіксіз жұмысын ұйымдастыру тапсырылды.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...