«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруға тапсырма бердім — Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнер майталмандарын Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter-де жазды.

«21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!», — деді ол.

Тоқаев «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтару керек екенін де айтты.

«Бүгін тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім», — деді Президент.

Үздік университеттер қатарындамыз

QS Asia University Rankings – бұл жыл сайын британдық...

Білімді маманға сұраныс жоғары

Жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына араласатын...

АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ: СОТТАҒЫ АНА ТІЛІМІЗДІҢ ТАҒДЫРЫ

Егеменді еліміздің басты құжаты Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабы 1-тармағында...

Инициативы Съезда лидеров мировых и традиционных религий в центре международного круглого стола с участием ЮНЕСКО

От этики искусственного интеллекта до сохранения сакрального наследия: участники...