Қазақстанның Даму банкі басшысының орынбасарлары тағайындалды

Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметі Басқарма құрамындағы ауыс-түйіс туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылғы 25 ақпандағы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Марат Елібаев Басқарма төрағасының орынбасары-ҚДБ Басқармасының мүшесі болып тағайындалды. Бұрын банктің басқарушы директоры қызметін атқарған Ботагөз Әбішева ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды», — делінген хабарламада.

Марат Елібаев әлеуетті қарыз алушыларды іздеу және тарту, Даму банкінің кредиттік саясатын жүзеге асыру, сондай-ақ Банктің кредиттік портфелін басқару мәселелеріне жетекшілік ететін болады. 

Ботагөз Әбішева жаңа лауазымда халықаралық инвестициялық банктермен, Банк инвесторларымен, кредиторларымен жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау және есеп саясаты, операциялық қызмет, қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнату, стратегия және корпоративтік даму, қоғаммен байланыс мәселелері бойынша ҚДБ қызметіне басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыратын болады.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...