Қазақстанның бес қаласында ЖЭО 80 пайызға тозған

Қазақстандағы жылу электр орталығын жөндеуге 182 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қызыл» аймақтағы жылу электр орталықтары үшін келесі күзгі-қысқы кезеңде тәуекелдерді азайту мақсатында негізгі жабдыққа күрделі жөндеу, реконструкциялау, жаңғыртуды жүргізу көлемі айқындалды. Алдын ала дерек бойынша, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін 182 миллиард теңге көлемінде қаржы қажет. Бұл есеп бенчмаркинг шеңберінде жүргізілді», — деді ол.

Министр электр және жылу энергиясына бекітілген тарифтерді ескергеннің өзінде энергия өндіруші ұйымдарды жөндеу үшін 93 миллиард теңге керек екенін мәлім етті.

«Қазіргі уақытта электр станцияларының бекітілген тарифтер шеңберінде электр және жылу энергиясын өткізуден түсетін кіріс толыққанды жөндеу шығынын өтемейді. Жеткіліксіз қаржы сомасы — 88 миллиард теңге. Коммуналдық және квазимемлекеттік меншіктегі 12 жылу электр орталығы бойынша жоғарыда аталған жұмысты іске асыруға мемлекеттік бюджеттен, ал 22 жеке жылу электр орталығы бойынша — меншік иесінің өз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылады», — деді Болат Ақшолақов.

Ақшолақов елдегі ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы 66 пайыз, Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларындағы ЖЭО-лардың тозуы 80 пайыздан асқанын түсіндірді.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...