Қазақстанның барлық аймағында төтенше жағдай режимі алынды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, 19 қаңтарда түн ортасынан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Бұған дейін президент өзге өңірлердегі төтенше жағдайды мерзімінен бұрын алып тастаған болатын.

«Осылайша, бүкіл ел қалыпты өмірге оралуда, төтенше жағдай кезеңінде енгізілген коменданттық сағат пен басқа да уақытша шектеулер жойылды. Халықтың бірлігі мен ынтымағы, құқық қорғау органдары мен әскердің жанкешті еңбегінің арқасында бүкіл Қазақстан бойынша тәртіп пен тыныштық орнады. Елімізде әрқашан тыныштық пен береке болсын!» –  деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.