Қазақстаннан 11,4 мың маман шетелге кеткен — зерттеу

Қазақстаннан үш тоқсан ішінде 15 жастан асқан 11,4 мың маман кеткен. Бұл туралы Ranking.kz зерттеулерінде жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пандемияға байланысты шекаралардың жабылғанын ескерсек, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8 пайызға аз. Бұл ретте Қазақстаннан кеткен мамандардың үлесі 54,3 пайызға жетті, былтыр 50,6 пайыз болған.

Ел өңірлерінің ішінде ең көп маман Қарағанды облысынан кеткен: 1,7 мыңнан астады. Тізімде Шығыс Қазақстан (1,6 мың маман кеткен), Қостанай (1,4 мың адам) және Павлодар (1,4 мың адам) облыстары да бар. Ең аз кеткендер Қызылорда және Түркістан облыстарында: барлығы 23 және 29 адам.

Қазақстаннан шыққан адамдардың жартысынан астамының мамандығы техникалық (3,3 мың адам), экономикалық (1,7 мың адам) немесе педагогикалық (мың адам) саладан болған.

Сондай-ақ, елден 561 дәрігер, 387 заңгер, 280 сәулетші мен құрылысшы, ауыл шаруашылығы саласындағы 155 маман кетті. Қалған мамандықтартардан төрт мыңдай адам бар.

Қазақстанға 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,5 мыңнан кем маман келді. Яғни, жаңадан келгендер саны кеткен кадрлардың үштен бірін де жаппады.

Қазақстанға келген экономистердің саны елден кеткендердің 18,1 пайызын ғана құрайды: 1714 және 311. Техникалық мамандар арасында келгендер мен кеткендердің арақатынасы 19,3 пайыз (3331 және 643), заңгерлер арасында — 21,2 пайыз (387 және 82), дәрігерлер арасында — үштен бірі (561 және 187).

Ал ауыл шаруашылығы саласына жаңа 68 маман келіп, 155 адам кетті.

Армрестлингтен Әлем чемпионы атанған полицей оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатқан тәртіп сақшылары жас...

Исчезнувшая семья: следствие нашло ответ

РЕЗОНАНСНОЕ ДЕЛО В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛУЧИЛО РАЗВЯЗКУ. ТРАГЕДИЯ, НАЧАВШАЯСЯ...

Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын...

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...