12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігі ресейлік ұйымдарға инвестицияланған: Мұның қауіпі қандай

Бұған дейін отандық қаржы мамандары қазақстандықтардың Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы қорындағы қаражатына қауіп төнгені жайлы мәлімдеген болатын. Олардың сөздеріне сенсек, азаматтардың зейнетақы қорындағы жинақтарына ресейлік акциялар сатып алынған, ал қазір Батыс елдерінің жариялаған санкцияларына байланысты бұл бағалы қағаздардың бағасы төмендеуде. Сонымен, Ресейге жарияланған санкциялар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына кері әсерін тигізе ме? Ұлттық банк түсіндірді. 

Экономист Меруерт Махмұтованың айтуынша, қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің бір бөлігі ресейлік компанияларға салынған. Украинадағы жаңа санкциялар мен соғыс қимылдарына байланысты олардың акциялары қазір құлдыраған.

“Бұл – “Газпромның”, “Сбербанктің”, “Норникельдің” бағалы қағаздары. Айтып отырғанымыздың бәрі ең ірі ресейлік компаниялар. Ал қазір олардың барлығы дерлік санкцияның астында қалды. Сондықтан оларды қазір сатудың мағынасы жоқ деп ойлаймын. Ресейлік бағалы қағаздарға салынған инвестиция қазіргі уақытта БЖЗҚ үшін шығын, бәріміз үшін, Қазақстан азаматтары үшін тек шығынға әкеледі”, – дейді экономист Меруерт Махмұтова.

Редакциямыз таралған ақпаратқа түсініктеме алу мақсатында БЖЗҚ-ға жүгінген болатын. Қор өкілдері зейнетақы активтері БЖЗҚ қарамағында еместігін айтып, бар мәліметті Ұлттық Банктен сұрауға кеңес берді. 

Өз кезегінде Ұлттық Банк зейнетақы активтерінің бір бөлігіне Ресей Федерациясының мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынғанын растады. 

“2022 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінде АҚШ долларында номиналданған Ресей Федерациясының мемлекеттік бағалы қағаздары (РФ МБҚ) бар, оның қазіргі құны 14,7 млрд теңгеге немесе зейнетақы активтерінің 0,11%-ға тең. РФ МБҚ-ы халықаралық тәжірибеде кең таралған, сондай-ақ, эталондық индекске кіретін қаржы құралдарының ауқымды тізбесіне инвестициялау қарастырылған индекстік басқару аясында сатып алынған болатын”, — делінген Ұлттық банктің Stan.kz тілшісіне берген түсініктемесінде.

Еліміздің орталық банкінің мәліметінше, зейнетақы активтерін дамушы елдердің облигацияларына инвестициялау – қалыпты жағдай. 

“Инвестициялау кредиттік рейтингі ең төменгі «ВВ» деңгейіндегі елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарынан тұратын индекс шеңберінде жүзеге асырылады. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бұл индекске 27 ел кіреді. Сәйкесінше, жекелеген елдерге инвестициялар болмашы ғана. Мәселен, индекстегі РФ МБҚ-ның үлесі бар болғаны 2,99%”, – деп қосты Ұлттық банк өкілдері.

Осы орайда Ұлттық Банк 2020-2021 жылдары БЖЗҚ зейнетақы активтерінің РФ МБҚ-ға және Ресей эмитенттерінің басқа да қаржы құралдарына инвестицияларын анағұрлым азайтқанын сөз етті. 

“Алдын ала алынған деректер бойынша 2022 жылдың басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 534,2 млрд.теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің 2022 жыл басталғаннан бергі кірістілігі –инфляция көрсеткіші 1,5% болғанда  4,0%-ды құрайды. Соңғы 12 айда (наурыз 2021 ж. – ақпан 2022 ж.) инфляция көрсеткіші 8,7% болғанда кірістілік 13,65% құрады. Ұлттық Банк қалыптасқан жағдайды ерекше бақылауда ұстайды және қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдауға дайын”, – делінген банк түсініктемесінде.

Қорыта келе, Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін РФ МБҚ-ға инвестициялау зейнетақы жинақтарының сақталуына ықпал етпейтінін атап өтті.

Айта кетсек, 2022 жылдың 1 наурызындағы мәліметке сәйкес БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 13,6 трлн теңгеге жеткен. Оның 34,3%-ы валютада, басым бөлігі АҚШ долларымен сақтаулы.

Под маской локализации

В ЯНВАРЕ 2026 ГОДА ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ РЫНОК КАЗАХСТАНА ПОТРЯС ОДИН ИЗ КРУПНЕЙШИХ В ЕГО ИСТОРИИ КОРРУПЦИОННЫХ СКАНДАЛОВ.

Балалар мекемелерін санитарлық қадағалау күшейтіледі

Енді тексерулер алдын ала ескертусіз, кенеттен жүргізіледі.

Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны жайында мәліметті жариялады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.