Қазақстандықтардың бір бөлігі газды 20 пайыз жеңілдікпен алады

Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын қазақстандықтар 1 шілдеден бастап газды 20 пайыз жеңілдікпен алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап пилоттық жоба аясында Тараз және Орал қалаларындағы атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар газды 20 пайызға төмендетілген бағамен алған, ал бұл қатарда 3 мыңнан аса тұтынушы бар. Бұл топтағы тұтынушылар сәуірдегі түбіртектерде газдың жаңа бағасын көре алды.

Биыл 1 шілдеден бастап елдің барлық өңірінде «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар» санатына жататын тұтынушылардың төмендетілген бағамен газ алу мүмкіндігі болады.

Ведомство өкілі газды төмендетілген бағамен алу үшін тұтынушы Egov.kz порталындағы АӘК және тұрғын үй көмегін алушы ретіндегі өзінің мәртебесіне көз жеткізуі қажет екенін айтты.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...