Қазақстандықтарда вакцинаны таңдау құқығы бола ма? Денсаулық сақтау министрі жауап берді

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина таңдау мүмкіндігі беріле ме? Бұл сұраққа ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз аймақта болатын кез келген қолжетімді вакцинамен егеміз. Себебі, барлық вакциналар шектеулі. Яғни, вакцина нарықта қолжетімді болғандықтан, вакцинация процесі, өзіңіз білетіндей, ерікті түрде салынады. Мұнда бәрі қай вакцинаны қабылдайтыны  азаматтардың таңдауына байланысты болады. Біздің нарықта пайда болған кез келген вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі  тексеріледі. Сондықтан қазақстандық вакцинаның шығарылу мерзімі кейінге қалдырылды, біз барлық тиісті процедураларды орындауымыз керек. Қалай дегенмен қазір клиникалық сынақтардың нәтижелері жақсы», — деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

Ол барлық вакциналарға қойылатын талаптар бірдей екенін баса айтты.

«Сондықтан, вакцинация қабылдаушы адам қай вакцина қолжетімді болса, соны қабылдайды. Әрқашан бас тартуға құқығы бар, бұл Қазақстанның әрбір азаматын таңдау құқығы», — деп қосты министр.

Бұған дейін министр бірнеше елдің коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаға қызығушылық танытып отырғанын алға тартты. Алексей Цойдың өзі QazCovid-in вакцинасын салдыратынын айтты.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...