Қазақстандықтар шекарадағы кезекке байланысты төрт күннен бері елге кіре алмай жүр

Шекарадағы кептеліс салдарынан Ресейден келген қазақтар үйлеріне қайта алмай жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясында мобилизация басталғаннан кейін шекарада кезек көбейген. Мыңдаған ресейліктер елден кетіп жатыр. Олардың көпшілігі Батыс Қазақстан облысындағы шекара бекетіне келген. Орал қаласының тұрғыны Александр отбасымен шекарада төртінші күн тұрғанын айтады.

«24 қыркүйекте «Маштаково» өткізу бекетінде кезекке тұрдық. Екі күннен бері кезек қозғалмайды. Тек жүк көліктері жүреді. Қазақстандықтардың барлығы елге кіре алмай отыр. Біз көппіз. Барлығымыз жиналып, қалаға бардық. Шекарашылар мәселені шешіп жатқан жоқ», — деп шағымданады Орал тұрғыны.

Александрдың айтуынша, қиындық туғызып жатқан такси жүргізушілері. Олар адамдарды шекарадан өткізіп, саптың соңына емес, қай жерден кеткен болса, сол жерге қайтады. Ал олардың орнын әріптестері «кезек ұстап» отыр. Александр такси жүргізушілері шекарадан өткені үшін бір адамнан 6-7 мың рубль (шамамен 57 мың теңге) алатынын айтады.

Сондай-ақ, кезекте тұрған қазақстандықтардың азығы таусылуға таяғанын, жергілікті кәсіпкерлер де тауар бағасын бірнеше есе қымбаттатқанын айтып шағымданды. 

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңның...

МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастардың күрделенуі кей жағдайда...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жады мен...