Қазақстандықтар қанша ресейлік азаматпен некеде?

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті қазақстандықтар қанша ресейлік азаматпен неке қиғанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мәлімет бойынша, 2022 жылдың қыркүйегі мен қазанында Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында 485 неке қиылған», — делінген хабарламада.

Бірақ бұл деректердің былтырғыдан көп айырмашылығы жоқ екені атап өтілді. 2021 жылдың дәл осы кезеңінде қазақстандықтардың ресейліктермен 494 некесі қиылған.

Қарастырылып отырған кезеңде ең көп неке Алматы — 94 (2021 жыл — 75), Астана — 51 (2021 жыл — 46) және Қарағанды облысында — 45 (2021 жыл — 49).

Некеге тұрған адамдардың орташа жасы ерлерде 26-29 жас, әйелдерде 23-28 жас.

«Зерттеу бойынша кейінгі жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында тіркелген некелер санының 14 пайызға төмендегені байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 10 айында 2153 неке, 2022 жылдың 10 айында 1851 неке жасалды», — деп толықтырды ведомство өкілі.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...