Қазақстандық боксшының «көз ілеспес нокауты» жұртты тәнті етті

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлем чемпионы қазақстандық Дина Жоламанның 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жекпе-жегін атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Жоламан испаниялық Мария дель Кармен Мадуэноны ұпай санымен жеңген еді. Жекпе-жек кезінде операторлар қазақстандық боксшы жәндікті «нокаутқа түсірген» сәтін түсіріп алған.

«Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты кезінде боксқа ешкім бей-жай қарамайды. Чемпионатты тамашалау үшін ең жақсы жерді таңдаған мына кішкентай жанкүйерге қараңызшы», — деп жазды ұйымның баспасөз қызметіндегілер.

Жоламан 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда серб Елена Зекичті жеңіп, Қазақстан қоржынына бесінші медальді салған еді.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48), Жайна Шекербекова (52), Карина Ибрагимова (57) мен Валентина Хальзова (70) жартылай финалға шыққан болатын.

Одан бөлек жеті боксшымыз үшін Ыстамбұлдағы әлемдік дода аяқталды: Назым Қызайбай (50), Римма Волосенко (60), Аида Әбікеева (63), Дариға Шәкімова (66), Надежда Рябец (75), Гүлсая Ержан (81) мен Ләззат Күнгейбаева (+81).

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...