Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме – сенат спикерінің жауабы

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының кулуарында спикер Мәулен Әшімбаев Украинадағы соғыс қимылдарына қатысуға қазақстандық бітімгершілік күштері жіберілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдайда біз мынаны ескеруіміз керек – Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының – ҰҚШҰ-ның мүшесі. Осыған байланысты қақтығыс аймағына қазақстандық бітімгерлерді жіберу мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Бұл жерде де біздің ұстанымымыз айқын. Біріккен ұлттар ұйымының Жарғысы мен басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан біздің бітімгершілік күштерімізді ҰҚШҰ елдерінен тысқары жерлерге тек БҰҰ мандатына сәйкес қана жібере алады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев

Оның айтуынша, ҰҚШҰ жарғыларына сәйкес, ұйым елдердің бітімгершілік күштері мен әскерлері тек ұйымға мүше елдердің аумағында ғана қолданыла алады.

Қақтығыс аймағы қатысушы елдердің аумағына кірмейді, сондықтан бізде осы шарттар мен ратификацияланған келісімдерге сәйкес, ҰҚШҰ шеңберінде бітімгершілік күштерді қақтығысқа жіберуге құқымыз жоқ. Бірақ қандай да бір жағдай туындап, БҰҰ-ның мандаты аясында БҰҰ деңгейінде шешім қабылданса, шешім болған жағдайда Қазақстан әлемнің кез келген нүктесіне бітімгершілік күштерін жібере алады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...