Қазақстандық ауыратлет 2016 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырылды

Қазақстан құрамасында өнер көрсететін ауыратлет Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алтын медальдан айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы спорт төрелік сотының (CAS) ресми сайты жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі R-Sport басылымына сілтеме жасап.

Нижат Рахимов 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Рио Олимпиадасында алтын алған. CAS мәліметінше, ауыр атлеттің 2016 жылдың 15 наурызынан 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін көрсеткен барлық нәтижелері жойылады.

2021 жылдың қаңтарында халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) спортшыны допингке қарсы ережелерді бұзды деп айыптады.

Сот төрешісі қазақстандық ауыр атлетті зәрінің төрт үлгісін алмастырғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) допингке қарсы ережелерін бұзу болып саналады. 

Ниджат Рахимов 1993 жылы 13 тамызда Бакуде дүниеге келген. Ол этникалық әзірбайжан. 2010 жылы Әзірбайжан құрамасы сапында Сингапурда өткен жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанды. 2013 жылы Перуде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды. Сол жылы допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілді.

2014 жылдың тамызында Рахимов Қазақстан азаматтығын қабылдап, Қазақстан құрамасының құрамында өнер көрсетуге шешім қабылдады. 

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...