Қазақстанда әзірге бірде-бір үміткер президенттік сайлауға түсуге ниет білдірмеген

Орталық сайлау комиссиясы хатшысы Мұхтар Ерман журналисттер сауалына жауап беріп, үш күннен бері бірде-бір кандидат президенттік сайлауға қатысуға өтініш білдірмегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

26 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда бірде-бір үміткер президенттік сайлауға түсуге ниет білдірмеген. 

Жиынға қатысқан саяси партиялардың өкілдері партия съездерінің әлі өтпегенін, онда сайлауға қатысу үшін кандидатура мәселесі шешілетінін айтты.

Осы аптада партиялар президиумдар отырысын өткізіп, алдағы съездің күнін белгілеуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну рәсімі 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанға дейін жалғасады. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өткізілмек.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...