Қазақстанда жол апаты жиі болатын өңірлер аталды

Бас прокуратура өліммен аяқталатын жол апатының қай өңірде жиі болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есеп комитетінің мәліметінше, 2021 жылы жол апатының басым бөлігі:

Алматы — 3230;
Алматы облысы — 2248;
Жамбыл облысы — 1290;
Шығыс Қазақстан облысы — 860.

Жол апатынан қаза болғандардың ең көп саны мына өңірде тіркелді:

Алматы облысы — 463;
Түркістан облысы — 319;
Жамбыл облысы — 222;
Қарағанды ​​облысы — 161;
Шығыс Қазақстан облысы — 146.

Комитет Tengrinews.kz сауалына берген жауабында, 2021 жылы барлығы 13 940 жол апаты болып, соның салдарынан 2 270 адам, оның ішінде 200 бала қаза тапты, 18 096 адам жарақат алғанын айтты.

Пандемия және карантиндік шектеулер кезінде жол апаты аз болғанымен, өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалардың саны жылдан жылға айтарлықтай өскенін атап өткен жөн. 2019 жылы 16 614 жол апаты болды, оның 1 959-ы өліммен аяқталды. 2020 жылы қатаң карантиндік шектеулер кезінде 13 515 жол апаты тіркелсе, оның 1 700-і өліммен аяқталды. 2021 жылғы 13 940 оқиғаның 1 859-ы өліммен аяқталды.

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...