Қазақстанда жасырын майнингті табуға не кедергі?

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов майнерлер Қытайда өндіріске тыйым салынғаннан кейін Қазақстанға көшкенін айтып, Энергетика министрлігі олар қай жерде орналасқанын нақты түсіне алмай отырғанын мойындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қытай тыйым салды — майнерлер осында көшті. Ол нақты қай жерде орналасқанын да толықтай түсінбедік. Бүкіл мәселе осында. Бұл мәселені зерттеу керек. Сондықтан ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр. Бұл қысқа уақыт ішінде тұтыну жағынан үлкен қарқын алған жоғары табысты қызмет болса керек. Ал энергетика саласында бірдеңе салу үшін жылдар қажет, біз жүктемені жоспарлауымыз керек. Майнинг жұмыстары, әсіресе жасырын майнинг жүктемесі жоспарланбаған және болжанбаған», — деді Нұрмағанбетов Сенат отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Ол Энергетикалық бақылау комитеті жасырын майнинг қызметін іздеп жатқанын түсіндірді.

«Олар анықтау үшін бүкіл қаланы аралай алмайды. Біз энергия тасымалдаушы компанияларға жүгінеміз. Бірақ олар ақпарат бермейді. Бұл жерде түсіну керек мәселе бар: не олардың өзі де білмейді, не бұл ақпарат жасырылып отыр. Анықтау керек.

Іздеп жатырмыз. Бірақ өз құзыретіміз шегінде жұмыс істеп жатырмыз. Мұнда да бәрі реттеледі», — деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, майнерлердің электр энергиясын тұтыну мөлшері биткоин бағасына байланысты.

«Баға төмендесе, өндіріс азаяды. Біздің болжам бойынша, тіркелген майнинг фермаларының қуаттылығы 700 мегаватт шегінде. Жасырын өндіру 1000 мегаватт шығынға жетуі мүмкін. Бірақ бұл көрсеткіш төменге де, жоғарыға да өзгеруі мүмкін», — деді вице-министр. 

Кембридж альтернатив қаржы орталығының мәліметінше, 2021 жылдың тамызында Қазақстан биткоин өндіруде электр энергиясын тұтыну индексі бойынша әлемде екінші орынға шыққан.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.