Қазақстандағы ірі вагон жөндейтін зауыттарды ресейлік компания сатып алып жатыр

«Қамқор Локомотив» пен «ҚамқорВагон» компанияларын ресейлік кәсіпкер және инвестор Алексей Лебедев басқаратын консорциум сатып алып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Logirus.ru басылымына сілтеме жасап. 

Аталған қос компания Қазақстандағы ірі вагон және локомотив жөндейтін кәсіпорын мен депоны біріктіреді. Алексей Лебедев 10 жылдан аса ауақыт «Ресей темір жолы» жүйесінде жұмыс істеген. Соның ішінде тарту дирекциясы басшысының орынбасары болып қызмет еткен. 

Соңғы жылдары ол өндірістік-инвестициялық жобалармен шұғылданып, «МТ Промышленный оператор» транспорт-экспедиторлық компаниясын басқарады. Бұл компания өндірістік кәсіпорындарды кешенді логистикалық қызметпен қамтамасыз етеді. 

Хабарланғандай, Алексей Лебедев сатып алынып жатқан кәсіпорындардың техникалық жағдайын жоғары бағалаған. Ал алдағы жылдары компаниялардың техникалық атқарымын, кадр әлеуеті мен коммерциалық бағдарын сақтау басты міндет болып отыр. Инвестордың сөзінше, келешекте компанияны дамыту, жұмыс тәжірибесіне сандық технологияларды енгізу, бірыңғай ақпарат ортасын құру жоспарланған.

Айта кетейік, “Қамқор” компаниялар тобы – “Теміржолэнерго”, “Қамқор Локомотив” пен “ҚамқорВагон” ЖШС Тимур Құлыбаевқа тиесілі болған.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...