Қазақстандағы бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Сәрсенбі, 30 қарашада Қостанайдағы қатты аязға байланысты бірінші ауысымдағы 0-сыныптан 9-сыныпқа дейін оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Ауа температурасы -27 градус, жел секундына 3 метр. Қостанай қаласындағы мектептердің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында аязға байланысты оқушылар тағы да қашықтан білім алады.

Абай облысы аумағында ауа температурасы -31 градус аязды көрсетіп тұр.

Осыған байланысты 30 қарашада бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1,2 курс студенттері үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.

Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Тарбағатай, Глубокое, Самар, Қатонқарағай, Күршім аудандарында 0-11 сынып, Өскемен мен Риддерде 0-9 сынып, Жаңа Бұқтырма елді мекенінде 0-4 сынып оқушылары үйден білім алады.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...