Қазақстандағы бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер қашықтан оқу форматына көшті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«8 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», — деп хабарлайды Астана қаласы білім басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қарағанды білім бөлімі де 8 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын хабарлаған. 5-11 сынып оқушылары штаттық режимде оқиды, деп жазады ekaraganda.kz әлеуметтік желілердегі аккаунтында.

Қостанайда ауа температурасы нөлден 28 градусқа дейін төмендеді.

«Қостанай мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9-сыныптарының оқушылары 8 желтоқсанда қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», — деп жазды alau.kz.

«8 желтоқсанда мектепалды, бірінші ауысымның 1-9-сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады: температура -32 градус, жел секундына 2 метр», — деп хабарлайды Павлодар Білім басқармасы Instagram арқылы.

«8 желтоқсанда Семей қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», — деп хабарлайды oo_osa_semey_vko.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...