Қазақстанда темекі қаншалықты қымбаттауы мүмкін?

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылға дейін темекі 300-350 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер Жамаубаевтан темекі мен құрамында қант бар сусындарға акциздер енгізу туралы сұрады.

«2024 жылға дейін тауарларға ставканы көтеруді жоспарлап отырмыз, бұл 35 еуро, шамамен 1000 данаға 16 мың теңгеге жуық шығады. Есептеп, мыңға бөліп, 20 данаға бөлуге болады, сонда қорап темекі үшін шамамен 300-350 теңге алынады», — деп жауап берді ол.

Оның сөзінше, Үкіметте құрамында қант бар сусындар туралы шешімге қатысты талқылаулар жүріп жатыр.

«Ставка бойынша ымыраға келсек, қажет болған жағдайда міндетті түрде айтамыз, Парламентке барамыз. Біз үшін тепе-теңдікті сақтау маңызды, бір жағынан — ұлт денсаулығы, екінші жағынан — кәсіпорындар зардап шекпеуі керек. Өйткені мұнымен акциздер есебінен салық төлейтін ШОБ айналысады, екінші жағынан, бұл бюджеттің мүддесі. Осының бәрін теңгеретін боламыз», — деп қорытындылады Жамаубаев.

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...