12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай ма?

Ірі құрылыс компаниялары тұрғын үй нарығындағы бағаны бүгінде өздері қояды. Ал пәтерлер бағасының өсуіне құрылыс материалдарының құны ғана әсер етпейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бүгін салынып жатқан үйлердің бағасы мен сапасының арақатынасын сақтау қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев

Министрдің айтуынша, кейбір мердігерлер ресурстары мен қажетті техникасы болмаса да ірі тендерлерге қатысады. Бұл жүйені өзгерту керек. Ведомство бірқатар қажетті құжаттарды дайындады.

“Адамдардың сапалы нәтиже талап етуі заңды. Сондықтан, тұрғын үй құнын төмен түсіріп, сапасын қамтамасыз етпеу дұрыс емес. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек. Құрылыс компаниясына осы шектегі төлемге сапалы тұрғын үй салуға мүмкіндік беруіміз керек”, – дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Шенеуніктің айтуынша, бұл салада күрделі мәселелер бар. Нарық өсіп келе жатқан сұранысқа үлгермей жатыр.

Инфрақұрылымды салу қосымша уақытты қажет етеді. Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы функциялардың бір бөлігін мемлекеттен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына беруді ұсынады. Талғат Ерғалиевтің айтуынша, нарық заңы ғана жағдайды түзете алады. Тұрғын үй бағасын ұстап тұру әрекеттері қазір тиімсіз.

“Өткен жылдан бастап бағалар төмендейді деп айтылған, бірақ олар төмендеп жатқан жоқ. Сондықтан баға өсіп кетпеуі үшін бағаны тұрақтандыру міндеті тұр. Бұл айтарлықтай үлкен іс. Бірақ өткенге қарасақ, бағалар үнемі өсіп отырады және менің ойымша, одан әрі өсе береді”, – дейді Талғат Ерғалиев, Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Утильалым өсімі: Көлік бағасы қалай өзгереді?

Қазақстанда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алым мөлшерлемелерін 14,6 еседен 38,8 есеге дейін арттыру ұсынылып отыр.

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...