12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда «стелс-омикронға» байланысты карантин жариялана ма?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният «Коронавирустың жаңа «стелс-омикрон» штамына байланысты Қазақстанда карантин жариялана ма?» деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 12 аймақта коронавирустың «омикрон-штамының» бір түрі табылғанын еске салды.

«Бұл — «стелс-омикрон». Коронавирус инфекциясының бұл түрі «дельтаға» қарағанда жеңілірек өтеді. Бірақ оның қаупі — тез таралады, қайта ауруға әкеледі. Сондықтан бүгін біз штамм бүкіл ел бойынша тарап жатқанын көріп отырмыз», — деді министр ОКҚ брифингінде.

Министр ауруға мониторинг күн сайын жүргізілетінін айтты.

«Симптомдармен келген барлық науқас толық көлемде ем алып жатыр. Аурудың мұндай ағымында қандай да бір карантин шаралары болады деп күтпейміз. Барлық карантин шаралары алып тасталғанын көріп отырғаныңыздар. Қазір негізінен халық арасында алдын алу жұмыстары жүріп жатыр«, — деп қорытындылады Ғиният.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда «стелс-омикрон» штамы табылғаны туралы 13 мамырда хабарлаған еді. Қазір ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүріп жатыр, оны мамырдың соңына дейін аяқтауға уәде беріледі.

Оған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың бірнеше елінде омикрон штамының жаңа түрі табылғанын хабарлады.

Пациент дәрігерге қаншалықты ерте қаралса буын ауруларын емдеу нәтижесі де жоғары болады

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада күрделі ревматоидты артритпен ауыратын...

Қазақтың ақбас сиырын қайта көбейтуге кедергі жоқ

Қазақ даласында қазір сиырдың небір тұқымын кездестіруге болады. Мал...

Экономикадағы өсім: Статистикалық дектердің мәні неде?

Биыл алғашқы жеті айындаға есепті басшылыққа алсақ, ел экономикасының...

Логика реформ-4: Сильные регионы — сильная нация

Реформы в Казахстане на текущем историческом отрезке отличаются своей...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ «БЕС ЖҰЛДЫЗ» ҮЗДІК БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай...