spot_img
spot_img

Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасын тіркеу рәсімі аяқталды

Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасын тіркеу рәсімі аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды фармацевтикалық кешені (ҚФК) Қазақстан Республикасының аумағында «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник — V») коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны тіркеу рәсімін аяқтады.

Кәсіпорынның баспасөз қызметіндегілер 2021 жылы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама ұйымының, тіркеу дерекнамасының материалдарын қарау нәтижесі бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды алынғанын хабарлады.

Аталған қорытынды негізінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды.

Осылайша, Қазақстан «Спутник-V» вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-ші мемлекет болды. Бүгінде вакцина Ресей, Беларусь, Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түркменстан, Венгрия, БАӘ, Иран, Гвинея Республикасы, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Серб Республикасы (Босния және Герцеговина энтитеті), Ливан, Мьянма, Пәкістан, Моңғолия және Бахрейн сияқты мемлекеттерде тіркелген.

Еске салайық, Қазақстанда вакцина өндіру туралы шешім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қорының комиссиясы қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарына жүргізілген сараптамаларының нәтижесінде қабылданған болатын. ҚФК алаңы ресейлік субстанциядан дайын өнімді өндіруге анағұрлым дайын болып шықты. РТИҚ мамандары жүргізген техникалық аудит нәтижесі өндірістік алаңның коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын түрін шығару үшін барлық талаптарға сәйкес келетінін растады.

Алдын ала есептеулер бойынша, биыл ақпанның соңында еліміздің барлық өңіріне ҚФК өндірген «Спутник — V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасын жеткізу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, Қазақстанда өз әзірлеушілерінің болуы, сондай-ақ вакциналар өндірісі үшін жергілікті алаңдардың болуы — бұл вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді азайтуға және еліміздің эпидемиологиялық ахуалының тұрақтануына елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қарағанды фармацевтикалық кешені биотехнологиялық препараттар өндірісіне мамандандырылған ҚР-дағы алғашқы және әзірге жалғыз фармацевтикалық кәсіпорын саналады. Ол бірегей жабдықпен жабдықталған және халықаралық GMP стандартына сәйкес сертификатталған. ҚФК-ның негізгі өнімдері — ауыр әлеуметтік маңызы бар ауруларды (онкология, гемофилия, гепатит, қант диабеті және және басқалары) емдеуге арналған заманауи жоғары тиімді препараттар.

Спорт – стратегический ресурс Казахстана: цифры, факты,реформы

Каждый год в третье воскресенье августа в Казахстане отмечают...

СҚО-да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «EcoLife: жастардың таңдауы» атты экологиялық интерактиві өтті

Петропавлда Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында белсенді...

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай ауқымды тегін құқықтық көмек акциялары өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде...

В Казахстане провели масштабные акции бесплатной юридической помощи в честь 30-летия Конституции

В преддверии 30-летия Конституции Республики Казахстан, во всех регионах...

Безопасность на дорогах

С НАЧАЛА 2025 ГОДА В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВОДИТСЯ АКТИВНАЯ...