Қазақстанда «сары» аймаққа жаңа шектеулер бекітілді

Қазақстан өңірлері «сары» аймаққа өткен жағдайда енгізілетін жаңа шектеулер тізімі бекітілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысқан Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 

«Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде елімізде маусымның ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғанындар саны артқанын атап өтті. Мәселен, өткен аптамен салыстарғанда жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан, науқастардың 80 пайызына жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар», — делінген хабарламада.

Елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керек екені туралы шешім қабылдады:

  • науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
  • COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
  • жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
  • 10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.  

Сондай-ақ, аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.

Ералы Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек орындарымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін ескертті.

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....

АПОСТИЛЬ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ СОТ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы немесе...