Қазақстанда референдумға 16,4 миллиард теңге бөлінеді

Қаржы министрі — премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тарапынан тиісті есептер ұсынылды. Бүгін үкімет қаулы қабылдады. Ақша республикалық бюджеттен бөлінеді», — деді Жамаубаев үкімет кулуарында.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын. Кейін Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты.

Жаңа ереже: Елімізде салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді 

19 қазаннан бастап салық берешегін өндіріп алу тәртібі мен оған шағымдану ережелері өзгереді.

Алматыда тұмауға қарсы вакцинация басталды: Кімдер екпені тегін ала алады? 

Алматыда тұмауға қарсы маусымдық вакцинация басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өзгенің несиесіне кепіл болу: Жалақы мен мүлікке қандай қауіп бар? 

Туысыңызға немесе досыңызға несие рәсімдеуге көмектесіп, кепіл болуға келістіңіз делік. Қарыз алушы төлемін тоқтатса, бұл шешім өз жалақыңыз бен мүлкіңізге әсер етуі мүмкін.

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтеді – Президент Жарлыққа қол қойды 

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Ақордада Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королін Ақордада салтанатты түрде қарсы алды.