Қазақстанда референдумға 16,4 миллиард теңге бөлінеді

Қаржы министрі — премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тарапынан тиісті есептер ұсынылды. Бүгін үкімет қаулы қабылдады. Ақша республикалық бюджеттен бөлінеді», — деді Жамаубаев үкімет кулуарында.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын. Кейін Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.

Рамазан-2026: Айт намазының кестесі жарияланды 

ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады.

Мұнай 120 долларға қымбаттаса, Қазақстан қанша табады? – Ұлттық банк жауап берді 

Әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі Қазақстан экономикасына, әсіресе Ұлттық қорға түсетін түсімдерге тікелей әсер ететіні белгілі.

Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі 

Үкімет жаңа Конституция негізінде аумақтық басқару жүйесін реформалауға кірісті.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.