Қазақстанда пайдаланылмай жатқан жерлер спутник арқылы анықталады

Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарудың жаңа тетіктері туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі редакцияның сұрауына жауап ретінде ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарудың бұрын қолданылған нормалары бойынша оларды пайдаланбауға байланысты заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін иесіне оны түзетуге нұсқама және бір жыл берілгенін атап өтті. Бір жылдан кейін бақылау тексерісі жүргізіліп, қайта пайдаланылмаған жағдайда иесіне тағы бір жыл берілген. Тек үшінші жылы ғана мемлекеттік органдар жерді алып қою туралы сотқа талап арыз береді. Министрлік мәліметінше, ескі рәсім күрделі және ұзақ.

2022 жылғы 3 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылған. Ол пайдаланылмаған аумақтарды анықтау және алу процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді.

Осылайша, ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімі екі жылдан бір жылға дейін қысқартылған, бұл ретте нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау тексерісін жүргізу талап етілмейді және заңбұзушылықтар жойылмаған жағдайда сотқа жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап жолданады. Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау тетігі космомониторинг арқылы енгізіліп жатыр.

«Бұл ретте жер учаскелерін алып қоюға байланысты рәсімдер резонанс сипатқа ие екенін атап өткен жөн, осыған байланысты заңнамаға сәйкес пайдаланылмаған жерлерді сот тәртібімен мәжбүрлеп алып қою кезінде жергілікті жерге барып тексеру жүргізу және субъектіні әкімшілік жауапкершілікке тарту талап етіледі», — деді Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері.

Министрлік мәліметінше, 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін пайдаланылмай жатқан немесе мақсатқа сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің 8,1 миллион гектары анықталған. Оның 3,4 миллион гектары ескертуден кейін игеріле бастады. 2,1 миллион мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бүгінде пайдаланылмай жатқан жерлердің ең көп ауданы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына тиесілі.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...