Қазақстанда неге пәтер саудасы күрт төмендеп кетті? Сарапшылар түсіндірді

Елде баспана саудасы күрт төмендеп кеткен. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, үй сатып алу өткен айда наурызға қарағанда 22 пайызға азайған. Табысы төмендеген құрылыс компаниялары енді түрлі амал-айласын ойластырып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Ал сарапшылардың бұл жағдайға қатысты пікірі екіге бөлінген. Баспана саудасының төмендеуіне не себеп? Мамандардың кеңесі қандай?

10 жылдан астам жылжымайтын мүлік агентігінде қызмет ететін Ғалым Ысқақов соңғы айларда баспана саудасы күрт төмендеп кеткенін айтады — пәтер құны тым қымбат. Мұны Ұлттық статистика бюросы да растап отыр. Мысалы, наурызда елде 67 мың жылжымайтын мүлік сату мәмілесі тіркелсе, сәуірде 52 мыңға дейін түскен.

«Иә соңғы екі айда пәтер бағасы қатты өсіп кетті. Сұраныс азайды. Себебі: ипотеканың мөлшерлемесі көтерілді. 13,5 пайызға. Ұлттық банктің. Сондықтан ипотека 20 пайызға дейін көтеріліп кетті, ол өте қымбат. Бұрын тұтынушы несие болған. Тіпті одан да төмен», — дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің бас директоры Ғалым Ысқақов.

Ал зейнетақы қорындағы жеткілікті шекті соманың мөлшері өседі деп жарияланып, ол сәуірге дейін шегерілгенде басыбайлы баспанамды аламын деушілердің саны лезде артыпты. Бұл қаңтар-ақпан айларына тап келген. Телеарна тілшісінің сөзінше, сұраныстың аяқасты артуы да құрылыс компанияларына қол болған.

Ал кейін әлемдегі геосаяси ахуал күрделеніп, доллардың құны өскенде құрылыс компаниялары да пәтер бағасын шарықтатып жіберген. Ал енді көкқағаздың бағасы қалыпқа түссе де, баспана қайта арзандар емес. Өйткені құрылыс материалдары қымбат кезінде алып қойған компаниялардың аузы күйген.

«Құрылыс компаниялар әртүрлі әрекет жасап жатыр. Біреулер үйдің бағасын түсіріп жатыр, акциямен. Екіншілер бөліп төлеуді жасайды. Көп құрылыс компаниялары нарықтан кетіп қалатын сияқты. Себебі: көп объектілер қазір тоқтаған. Тоқтатылып жатыр», — дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің бас директоры Ғалым Ысқақов.

Мұны естіген кей «жанашырлар» құрылыс компанияларына мемлекет тарапынан субсидия берілуі керек деп те айтып жатыр. Бірақ сарапшылар бұл қисынсыз қалау деп отыр. Үкімет берген ақшаға дәніккен құрылысшылар мастанып кетуі мүмкін екен. Әрі «бармақ басты, көз қыстыға» салынары айтпаса да түсінікті жағдай. 

«Құрылыс компаниялары субсидиялық, былай қарасаңыз, жемге отырып алса, одан кейін жағдайымыз мүлде мүшкіл болады. Біріншіден, ешқандай бәсекелестік болмайды. Екіншіден, бізде құрылыс компаниялары арасындағы ауызжаласу, бірлесіп субсидия алу, мемелекетті барынша сору әрекеті көбейеді. Одан халыққа ешқандай пайда болмайды», — дейді сарапшы Айбар Олжаев. 

Телеарна мәліметінше, жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын сайтты қарасаңыз, елдегі ең қымбат тұрғын үй Алматы шаһарында. Оңтүстік астанада баспананың шаршы метрі 740 мың теңгеге бір-ақ жеткен. Ал екінші орында — елорда. Алматыға қарағанда 100-150 мың теңге айырмашылық бар.

Дәл қазіргі жағдайда экономист сарапшылардың пікірі екіге бөлініп отыр. Бірі — азаматтар әліптің артын бағып, баспана бағасының арзандауын күту керек десе, екіншілері — басыбайлы баспана үшін қолда бар  қаражатты қазір салып үлгеру қажет дейді. Бұл ретте мүлік саудасымен айналысатындардың да өз айтары бар. Азаматтар үй сатып алғанда мұқият болғаны абзал. Өйткені құрылыс компанияларына қаржы жетіспеушілігінен сапасыз нысан көбеюі мүмкін екен.

Ақылы жолдан түскен қаржы қайда жұмсалады? 

Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл қаражаттың қалай жұмсалатыны туралы "ҚазАвтоЖол» ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты.

ҚМДБ «әйелін шәкіртіне сыйға тартқан» имамға қатысты мәлімдеме жасады 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда резонанс тудырған «әйелін басқа ер адамға беруге болады» деген мазмұндағы пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап, мұндай әрекеттердің шариғатқа қайшы екенін мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы жағдай: Дубайға рейстер тағы тоқтатылды 

Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстері кемінде 2026 жылғы 19 мамырға дейін орындалмайды. Рейстерді тоқтату мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

Депутаттар әскери ерлі-зайыптыларға берілетін төлемді қысқартуды ұсынды 

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасы аясында бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған түзетулерді таныстырды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.