12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті бойынша парламенттік тыңдау өткізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін оның нәтижесін халыққа жеткізу үшін парламенттік тыңдау өткізу қажет екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мақсаты үшін мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар ең қасиетті нәрсе — Тәуелсіздігімізді құрбандыққа шала жаздады. Мемлекет сақталды, бірақ қаншама адамның өмірі қиылды. Алматыдан бастап көп қалада бейбіт шерушілерді арнайы дайындалған топтар пайдаланып, заңды шеру қанды шеруге ұласты. 227 адам қаза тауып, 4,5 мыңнан астам адам жарақат алды.

Қасиетті қазақ тарихында қара із қалдырған қанды қасірет қайталанбауы үшін мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар, олардың басшылары, орындаушылар бәрі анықталып, жауапқа тартылуы керек», — деді депутат бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке жолдаған сауалында.

Ол қылмыс жасағандар ғана жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты.

«Көп адам, әсіресе жазықсыз жастар ереуіл кезінде бейбіт шеруге шыққаны үшін тұтқындалып, соққыға жығылып, азапталатыны туралы нақты мәлімет бар. (…) Жазықсыз адамдарды азаптауды нағыз арандатушылық, мемлекетке, Президент саясатына қарсы арам пиғыл деп қабылдаймыз. Өйткені ол әр істі әділ қарау міндетін қойып отыр», — деді депутат.

Оның айтуынша, әркімнің әрекетіне әділ баға беру үшін лаңкестер мен экстремистерді, қарақшылар мен бандиттерді, бейбіт митингіге шыққандарды бөлек қарастыру қажет.

«Түрлі мәліметке қарағанда, қазір қылмыскерлермен қатар жазықсыздарды да ұрып-соғып жатыр. (…) Тергеу әділ әрі ашық болуын талап етеміз. Заңсыздықты ауыздықтауға тек халық бақылауының қосар үлесі зор.

Біздің ұсыныстарымыз:

  • мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген адамдар толық анықталып, жауапқа тартылуы тиіс;
  • тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін оның нәтижесі туралы халықты хабардар ету мақсатында парламенттік тыңдаулар өткізу;
  • шабуыл жасаған қарақшылар мен бейбіт шерушілерді бөлек қарастыру қажет;
  • тергеу заң бойынша қатаң жүргізілу керек, азаптауды тоқтатып, адвокаттарға жол ашу керек;
  • жараланғандарды ауруханаға жатқызу қажет», — деді депутат.

Ол адам құқығы мен бостандығын құрметтеу және бейтарап ашық тергеу мақсатында комиссия құрып, Парламент және жергілікті мәслихаттар депутаттарын, Саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдерін қосу қажет екенін айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД өткен жылды қорытындылады

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент бастығы әділет...

ҚАЖ қызметкерлері студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық -атқару жүйесі департаментіне қарасты...

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандардан психологиялық тест алынды

Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу- қазіргі таңда...

В 2025 году в стране будет построено 19 млн кв.м. жилья

«Доступное жилье – это не мечта, а реальность, которую...

2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

«Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз»,...