Қазақстанда коронавирусқа қатысты жаңа шектеулер қандай болуы мүмкін?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният COVID-19-дың таралуына байлынысты қандай шектеулер болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңа әдіспен жасалады.

«Сары» аймаққа өткен кезде инфекция ошағын оқшаулауға (бизнеске ауыртпалықсыз) бағытталған қосымша шаралар қабылданады.

«Денсаулық сақтау министрлігі бұл шараларды әзірледі, олар ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында талқыланады. Бұл — байланыста болған адамдар, жұмыс пен шектеулер, иммунитеті жоқ науқас қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көлікте бетперде тағуды міндеттеу шаралары қабылданады», — деді Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, «қызыл» аймаққа өткен кезінде «сары» аймақта қабылданатын шаралармен қатар, стационар мен АМСК жүктемесіне байланысты екі кезеңде халықтың жүріп-тұруы мен кәсіпкерлік субъектілері қызметін шектеу шаралары қабылданады.

Министр шаралар қабылдау жөніндегі осы ұсыныстардың бәрі Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізілетінін айтты.

Сондай-ақ, министрден елдегі қозғалысқа және шекарадан өтуге шектеулер енгізіу мәселесі де сұралды.

«Менің ойымша, мұндай қатаң шектеулер болмайды. Инфекция өзгерді, вирус та өзгерді, ал ағымы азды-көпті жеңілірек. «Қызыл» аймақта шектеу шаралары болады, бірақ қатаң емес», – деді Ажар Ғиният.

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...