12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда әкімдердің арнайы орынбасарларының міндеті қайта қаралады

Әкімдердің арнайы орынбасарларының инвестиция тарту жөніндегі функционалдық міндеттері бұлыңғыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілеуберді үкімет отырысында 2019 жылы инвесторлармен нақты жұмыс жүргізуі үшін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің инвестицияға жауапты арнайы орынбасарлары лауазымы енгізілгенін еске түсірді.

«Бұл шара өзінің тиімділігін көрсетті, алайда жылдар өте келе әкімдердің арнайы орынбасарларының функционалды міндеттерді бұлыңғыр бола бастады, себебі оларға өздері маманданбаған жұмыстар жүктелді. Бүгінде Нұр-Сұлтан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ғана әкімдердің арнайы орынбасарлары тек инвестиция мәселелерімен айналысады. Ал басқа облыстарда оларға өзге де міндеттер жүктелген, бұл инвестицияларға зейін қоюға мүмкіндік бермейді. Сондықтан өңір әкімдері орынбасарларының функционалдық міндеттерін қайта қарап, жұмыстарын бастапқыдай инвестиция тартуға бағыттау қажет деп санаймын», — деп мәлімдеді вице-премьер және СІМ басшысы.

Ол Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша инвестштабта қаралатын өңірлердің инвестициялық рейтингі әзірленетінін атап өтті.

«Мұхтар Бескенұлының ұсынысын қолдаймын. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, өңір әкімдеріне және квазимемлекеттік сектор басшыларына инвестициялар тартуға жауапты орынбасарларының назарын осы маңызды функцияға көбірек аударуды тапсырамын», — деп жауап берді премьер-министр Асқар Мамин.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...