Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, — деп хабарлайды Finprom.kz сайты.

Басылымның мәліметінше, 2021 жылы орташа айлық жалақы 250 мың теңге болған. Алайда мамандығы мен лауазымына байланысты бұл көрсеткіш өзгеріп отырады.

Басшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы шамамен 448 мың теңгеге жеткен, ал ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 146 мың теңгеге жетпейді.

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы биылдың бірінші тоқсанында 285,4 мың теңгеге жетіп, жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 12,7 пайызға өскен.

Жалпы алғанда, 2021 жылға қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 250,3 мың теңгені құрады болған.

Өңірлер бойынша алатын болсақ, Солтүстік Қазақстан облысында орташа жалақы 187,5 мың теңге, Атырау облысында 406,2 мың теңгеге дейін жетті. Жоғары жалақы Маңғыстау облысы мен (349,5 мың теңге) және елордада (344,7 мың теңге) байқалады.

2021 жылы ең жоғарғы айлық жалақы басшылар мен мемлекеттік қызметшілерде болған: 447,8 мың теңге. Олардан кейін кәсіби мамандар (291,9 мың теңге), сондай-ақ, өндірістік құрал-жабдықтардың операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер (263,1 мың теңге).

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...