Қазақстанда «E-sport» цифрлық платформасы іске қосылады

Спортсүйер қауым үшін жуырда «E-sport» цифрлық платформасы іске қосылмақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«E-sport» заманауи цифрлық платформа. Ол жерден қандай спорттық секциялар бар, жаттықтырушысы кім деген секілді барлық ақпаратты алуға болады. Баласын спортқа бергісі келетін ата-аналар үшін еркін таңдау.

Сондай-ақ, «E-sport» платформасын тұтынушылармен қатар, спорт бойынша қызмет ұсынушылар да қолдана алады. Мысалы, кез келген адам Яндекс, Индрайвер мобильді жүйесіне тіркеліп такси қызметін ұсына алады ғой. Бұл жүйе де сондай. Спорттан жаттықтырушы немесе бапкер өз қызметін ұсынады», — деді Серік Жарасбаев тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Вице-министрдің айтуынша, спорт саласындағы аталған жаңашылдық жуырда іске қосылады.

«Сіз өзіңізге жақын спорт түрін таңдайсыз, одан әрі сіз таңдаған спортқа қатысты барлық деректер шығады. Яғни секцияның мекен-жайы, жаттықтырушының санаты қандай тағы сол сияқты», — дейді ол.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...