Қазақстанда ең көп сұранысқа ие мамандар аталды

Осы жылдың тамыз айындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері, оқытушылар, сондай-ақ дәрігерлер және басқа да жоғары білікті медицина қызметкерлері жетіспейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме жасап. 

Қазақстанда жоғарғы білімі бар 400 мыңға жуық маман жұмыссыз жүр. Екі қолға бір күрек таппай сабылғандардың көбі Алматы мен Түркістан облыстарында тұрады. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының статистикасына сүйенсек, соңғы айда жұмыс іздеушілердің саны екі есеге артқан. 

Сарапшылар электронды еңбек биржасын үнемі тексеріп отырады және ай сайын қорытынды жасайды.
Тамыз айында 93 мыңнан астам адам электрондық еңбек нарығында түйіндеме қалдырған. Көбінесе заңгер, қаржыгер, фельдшер, биотехнолог пен сәулетші мамандықтары бойынша қызметке орналаса алмай жүр.

Уақыт өте келе кассир, кітапханашы және мұрағатшы сияқты мамандықтар жоғалады. Бірақ инженерлер, IT-әзірлеушілер, STEM ғылымдарының өкілдері, аудармашылар және сату менеджерлері ешқашан сұраныстан түспейді. 

«Бүгінгі таңда ең танымал мамандықтардың бірі — сату жөніндегі менеджер. Себебі әрбір компания, әрбір бизнеске осындай мамандар қажет. Бұл мамандық ұзақ уақыт бойы сұранысқа ие болады. Қазір IT-мамандарға сұраныс өте жоғары. Бұл түсінікті шығар, өйткені қазір цифрландыру мен автоматтандыру дәуірі», — дейді кадрлық холдингтің атқарушы директоры Ольга Якупова.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының зерттеуіне сүйенсек, елде білім беру мен медицина саласында маман тапшы. Әсіресе тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне, университет пен колледж оқытушысына деген сұраныс жоғары. Жастар көбінесе жалақысы жоғары жұмыс іздейді. Ал біліктілігі жоқ еңбек қызметкерлерінің арасында жүк тасушы, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшыларды іздейтіндер артқан.

“Бос жұмыс орындарының өсуі барлық өңірде байқалады. Мысалы, Жамбыл облысында бос жұмыс орын саны екі есеге өскен, өткен аймен салыстырғанда. Атырау облысында 83 пайызға, БҚО-да 71 пайызға өскен болатын. Жұмыс іздеушілерге келсек, Алматы қаласында екі есеге өскен. Алматы облысында да екі есе өскен. Аса қажет мамандықтардың ішінде техника мен IT мамандары бар”, – дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары Ұлпан Шегенова. 

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...