Қазақстанда депозит мөлшерлемесі өсті

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді көтерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін ұлғайтқаннан кейін Депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың ақпан және наурыз айлары үшін қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді.

«Сонымен қатар, теңгелік ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды», — делінген хабарламада.

Өзгерістер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және осы күннен бастап, банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...