Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Солтүстік-батыс және Оңтүстік циклондары бірігіп, республика аумағында ауа райы тұрақсыз сипатта сақталады. Жаңбыр жауады, 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.

«Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік-батысында 25-35 граусқа дейін жылынады, солтүстігінде 20-28-ден 25-30 градусқа дейін ауытқиды, шығысында 28-37-ден 24-33 градусқа дейін төмендейді, орталығында 22-30-дан 27-32 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 35 градусқа дейін аптап болжанады, ал оңтүстік өңірлерінде 25-35-тен 20-30 градусқа дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

«Бәрі бекер!»: Боқаев гранит тақталарды сәтсіз түсірген орындаушыларды балағаттады

Кезекті сот отырысының іс материалдарын зерттеу барысында Боқаевтың мобилографы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін, мемлекеттік...

Судья әдебі — сот беделінің негізі

Судья әдебі - сот билігінің беделін айқындайтын маңызды өлшемдердің...