Қазақстанда бір аптада 17 бала көз жұмған: Оның төртеуі өз-өзіне қол жұмсады

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2022 жылғы 3 маусым мен 10 маусым аралығында балалармен болған төтенше жағдайлардың апталық статистикасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, бір апта ішінде елде балалардың қатысуымен 42 оқиға орын алып, осы оқиғаларда 17 бала қаза тапқан.

Адам өліміне әкелетін жазатайым оқиғалардың көпшілігі суда болған – жеті бала суға батып кетті.

Төрт бала өз-өзіне қол жұмсады (сонымен қатар екі өз-өзіне қол жұмсау әрекеті де тіркелді).

Жол-көлік оқиғасынан үш бала қаза тапты.

Ата-анасының қарауынан тыс қалған үш бала қайтыс болды.

Бұл ақпараттар жергілікті атқарушы органдардан және әлеуметтік желілерден алынды.

Балалардың басынан өткен оқиғалардың ішінде жоғарыда аталғандардан басқа кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, үйден кету және құқық бұзушылық фактілері де бар.

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

В настоящее время одной из главных угроз, препятствующих развитию...

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің өркендеуіне, экономикалық тұрақтылығы мен...

Управление водными ресурсами

В вопросах международной политики Казахстана приоритет отдается сотрудничеству в...

Административный надзор

Для предупреждения совершения лицами, освобожденными из мест лишения свободы,...

Риски принятия наследства

Почему вместе с имуществом могут перейти и долги  КОГДА ЧЕЛОВЕК...