12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда ажырасу саны азайды

Қазақстанда коронавирус кезінде ажырасу саны үш есе азайды. Ал үйлену саны 16 пайызға азайған, — деп хабарлайды Ranking.kz.

2020 жылдың үш тоқсанында 87,6 мың үйлену мен 17,3 мың ажырасу тіркелген. 2019 жылмен салыстырғанда үйлену 15,7 пайызға, ажырасу 2,6 пайызға қысқарған.

Басылым мәліметінше, көптеген елде жағдай басқаша. BBC News мәліметінше, 2020 жылы карантин кезінде ажырасу саны көп болған. Мысалы Ұлыбританияда ресми ажырасулар саны шамамен 20 пайызға өскен. Өзге елдерде де — Канададан Қытайға дейінгі жағдай да сондай.

2020 жылғы қаңтар — қыркүйектегі ажырасу мен неке қатынасы рекордтық төмен көрсеткіш көрсетті — 19,8 пайыз, ал өткен жылы бұл көрсеткіш, керісінше, жоғары рекордтық теріс мәндерге ие болды — 43,5 пайызға жетті.

Елдегі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тіркелген 69 пайыз неке қалада болған: 60,4 мың — өткен жылмен салыстырғанда 17,5 пайыз төмен. Ал ауылды аймақтардағы неке саны 11,6 пайызға — 27,2 мыңға қысқарған.

Елдегі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тіркелген 73,4 пайыз ажырасу қалада болған — 12,7 мың, ал ауылды аймақтарда 26,6 пайыз — 4,6 мың. Қалада да, ауылда да ажырасулар саны 2,6 пайызға қысқарған.

Қазақстанның барлық өңірінде неке саны қысқарған. Мысалы Шымкентте 27,4 пайызға, Қостанай облысында 19,8 пайызға және Алматыда 18,3 пайызға, Қызылорда облысында 10,2 пайызға, Павлодар облысында 10,5 пайызға және Түркістан облысында 11 пайызға азайған.

Ажырасу саны да еліміздің біраз өңірінде азайған. Мысалы Қызылорда облысында төрт есе, Атырау облысында 3,7 есеге және Батыс Қазақстан облысында 3,1 есе азайған.

Жаңа жыл мерекесіндегі ХҚКО мен МХҚКО жұмыс кестесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты...

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...