Қазақстанда ана өлімінің күрт өсімі коронавирусқа байланысты — ДСМ

Қазақстанда ана өлімінің күрт көбеюі жаз мезгілінде өршіген коронавирус инфекциясына байланысты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ажар Ғиният Ақтөбе облысында ана өлімінің санын азайту бойынша Республикалық отырыс өткізді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы ана өлімі 2,8 есе өсті деген сөзіне қатысты пікір білдірді. Өткен жылы Қазақстанда 156 ана қайтыс болған.

«Ана өлімі былтыр жаз мезгілінде күрт көбейді және ол коронавирус инфекциясына байланысты. Пандемия салдарынан денсаулық сақтау саласына қиын болды, ең бірінші кезекте әйел адамдарға көмек көрсетуге арналған жедел жәрдем қызметі зардап шекті», — деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, 2020 жылы биыл бала туу саны былтырмен салыстырғанда 22 298-ге көп және жүкті әйелдер саны да 21 147-ге көп.

«Мемлекет басшысы аймақ әкімдерімен бірлесіп денсаулық саласындағы барлық мекемені түгендеуді, басты назарға босандыру және реанимация қызметін алуды, оларды медициналық жабдықпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырған болатын», — деді вице-министр.

Армрестлингтен Әлем чемпионы атанған полицей оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатқан тәртіп сақшылары жас...

Исчезнувшая семья: следствие нашло ответ

РЕЗОНАНСНОЕ ДЕЛО В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛУЧИЛО РАЗВЯЗКУ. ТРАГЕДИЯ, НАЧАВШАЯСЯ...

Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын...

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...